» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАНДОС ЕРКІНБЕКТІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАНДОС ЕРКІНБЕКТІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ


Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің ауылдық округтер бойынша халық алдындағы кездесулері Ақай ауылдық округінен басталды.

Кездесуде алдымен ауыл әкімі Батыржан Тұрғанов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, ауылдағы негізгі көрсеткіштер мен жоспарлар туралы айтты.

Ақай ауылында соңғы жылы бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Аудандық бюджеттен бөлінген 8,4 млн теңге есебінен округке 5 аялдама орнатылып, қазіргі таңда ауыл тұрғындарының игілігіне берілді. Сонымен қатар, ауылды аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 8,5 шақырым су құбыры жүргізіліп, нәтижесінде 21 көше мен 314 үй аяқ суға қосылды. Аудан әкімінің қолдауымен Төле би, Жанқожа батыр және К.Күншығаров көшелеріне орташа жөндеу жүргізіліп, асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 109 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, бекітілген мердігер мекеме тиісті міндеттерді толық орындады.

Өз кезегінде аудан әкімі Жандос Еркінбек 2025 жылдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ақпарат берді.

2025 жылға ауданның бастапқы бюджеті 12 млрд 176 млн теңге болып бекітіліп, жыл ішінде нақтылау нәтижесінде бюджет көлемі 22 млрд теңгеге дейін ұлғайып отыр. Қаражатты тиімді жоспарлау мен қосымша қаржы көздерін тарту арқылы аудан бюджеті 9,9 млрд теңгеге немесе 80 пайыздан астам көлемде артқанын атап өтті. Бұл өсім алдағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін болады.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын жолдап, көтерілген мәселелер бойынша аудан басшысы тарапынан нақты жауаптар алды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 желтоқсан 2025 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031