» » Ауданда жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 90,2 пайызға жеткізу жоспарланып отыр

Ауданда жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 90,2 пайызға жеткізу жоспарланып отыр



Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Күн тәртібінде автожол саласын дамыту және салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселесі қаралды. Жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек селекторлық режим арқылы қатысты.

Мәжілістен кейін аудан басшысының төрағалығымен арнайы мәжіліс өткізіліп, облыс әкімі жүктеген міндеттерді сапалы және мерзімінде орындау бойынша кент, ауылдық округ әкімдері мен сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, аудандық маңызы бар жолдар барлық елді мекендерге тартылып, жөнделіп қазіргі уақытта жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 84 пайыздан асты. 2024 жылы жол жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 371 млн. теңге қаралып «Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жалпы 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Республикалық және облыстық бюджеттерден 674 млн. теңгеге Қызылтам елді мекеніне баратын 4,6 шақырым автомобиль жолына асфальт төселді. Ақжар ауылындағы А.Құнанбаев көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 90 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Төретам кентінің 3 көшесіне, Жосалы кентінің 2 көшесіне және Тұрмағамбет ауылының 5 көшесіне күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен 762,2 млн.теңге қаралып, жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Жосалы кентінің 4 көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына 94,4 млн.теңге қаржы қаралып, жұмыстары толығымен аяқталды.

Биылғы жылы да жолдарды жақсарту мақсатында 35 жобаға 1,6 млдр. теңге қаржы бөлініп отыр. Автомобиль жолдары саласындағы 2025 жылы жүзеге асырылатын ірі жобалардың бірі Төретам-Ақай айналма жолы. Жобаның құны 1,1 млрд. теңге. Бүгінгі күні мердігер мекеме («ОрдаАвтоДор» ЖШС) анықталып отыр. Бұл жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің 60 мыңға жуық тұрғындары сапалы көлік қатынасына қол жеткізетін болады.

Жол жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, жыл соңында аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 90,2 пайызға артатын болады.
05 ақпан 2025 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930