» » Биыл Қармақшы ауданында 15 жоба қолға алынбақ

Биыл Қармақшы ауданында 15 жоба қолға алынбақ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен Қармақшы ауданының даму жоспарын қарау жөніндегі кеңесте аудан әкімі Жандос Еркінбек биыл құны 3,6 млрд. теңге болатын 15 жобаға қаржы бөлінгенін айтты. Ауданда электр желілерін жаңғырту үшін демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттар әзірленген болатын. Биыл Көмекбаев, Ақтөбе, Иіркөл елді мекендеріне 631 млн. теңге қаржы қаралды. Жұмыс жақын арада басталады.
Жосалы кентіндегі жаңадан ашылған «Тәуелсіздік» ықшам ауданына газ желісі жеткізіледі. Облыстық бюджет есебінен «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталған еді, былтырға жоспарланған 11 шақырымы аяқталды. Биыл қалған 16 шақырымын жөндеу жалғасады.
Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 9 көше жөнделеді. Атап айтсақ, Ақжар ауылына бір көше салынады, Тұрмағамбет ауылының бір көшесі күрделі, 4 көшесі орташа жөнделеді. Жосалы кентінің бір көшесіне, Төретам кентінің екі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
01 ақпан 2024 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 580

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930