» » Қармақшы ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 көшеге жөндеу жүргізіледі

Қармақшы ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 көшеге жөндеу жүргізіледі


Биыл Қармақшыда аймақ басшысының бастамасымен музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер үйі мен жастар орталығының іргетасы қаланбақ. Сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи, мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталығының» құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы хабарлады.
-Соңғы жылдары ауданымызда құрылыс қарқынды жүруде. Биыл да аудандағы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік нысандар салынып, сапалы ауыз су және газбен қамту жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек, электр желілері қайта жаңғыртылмақ. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласында көпқабатты 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, абаттандыру және инженерлік жүйелер орнатылады. Ал Жосалы кентінде жаңадан ашылған "Тәуелсіздік" ықшам ауданының үйлеріне газ желілері жүргізіледі. Бұған қоса, осы жылы Дүр Оңғар ауылына да газ желісінің құрылысы басталады. Ауданымызда электр желілерді қайта жаңғырту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Осыған сәйкес, биыл Көмекбаев, Ақтөбе, Иркөл елді мекендеріне республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, ондағы электр желілері қайта жаңғыртылатын болады. Ал 6 елді мекеннің электр желілерін жаңарту бойынша жоба-сметалық құжаттар әзірленуде, - деді аудан басшысы.
Қармақшы ауданында биыл аудандық маңызы бар ұзындығы 6,5 шақырым болатын «Марал Ишан кесенесіне кіре беріс» автомобиль жолы салынатын болады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Ал «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
-Былтыр «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 27 шақырымына орташа жөндеу басталып, 2023 жылға жоспарлаған 11 шақырымын жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл қалған 16 шақырымға жөндеу жұмыстары жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, былтыр республикалық және облыстық бюджет есебінен аудандық маңыздағы «Қызылтам елді мекенінің кіре беріс» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары басталып, 4,6 шақырым автомобиль жолына асфальт төселді. Ал «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 елді мекеннің 21 көшесі орташа жөндеуден өтті, - деді Жандос Еркінбекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 қаңтар 2024 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031