» » Қармақшы ауданына қарасты 5 елді мекеннің көшелері жөнделеді

Қармақшы ауданына қарасты 5 елді мекеннің көшелері жөнделеді


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында бес елді мекеннің 21 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Жосалы кентінде 15 көше, Ақтөбе ауылдық округінде бір көше, Ақай елді мекенінде 3 көше, Ақжар ауылдық округінде бір көше, ІІІ Интернационал ауылында бір көше. Жалпы бүгінгі күнге дейін бес көшенің 3,5 шақырымы төселіп, аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек мәлімдеді.

–Жосалы кентіндегі Амангелді Иманов көшесін абаттандыру, аяқ су жолдарын жаңарту және орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен Қуаңдария ауылындағы 2 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Ендігі кезекте көптен бері кент тұрғындарының көтеріп жүрген мәселелерінің бірі – Жосалы кентіндегі темір жолдан өтетін көпір құрылысы мемлекеттік сараптамадан өткізілетін болады. Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент» Ақжар, Тұрмағамбет, Көмекбаев елді мекендерінің автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 503,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме жоспарлаған 8 шақырым жолдың 7,5 шақырымын аяқтады, - деді аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы.

@Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шілде 2023 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 580

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930