» » Автожолдар күрделі жөндеуден өтті

Автожолдар күрделі жөндеуден өтті

ЖОСАЛЫ, 30 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына да үлкен мән берілуде. 2019 жылы аудандық маңызы бар "Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев" автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмысына облыстық бюджеттен 22,8 млн.теңге қаржы бөлініп, 500 метр автожол бөлігін күрделі жөндеуден өткізді.
2019 жылы облыстық бюджет есебінен ағымдағы жылы Тұрмағамбет ауылындағы 1,6 шақырымды құрайтын Текей батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 32,4 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары атқарылып пайдалануға берілді.
Сонымен бірге аталған ауылдағы Ешнияз сал көшесін жарықтандыруға облыстық бюджеттен 21,2 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда жарықтандыру жұмысы жүргізілді.
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 2019 жылы «Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің тұрғын үйлерін ауыз сумен қамту» нысаны бойынша облыстық бюджеттен 56,8 млн.теңге қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталды.



30 қаңтар 2020 ж. 1 030 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 001
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 677

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031