» » Бірлік жарасса, береке артады

Бірлік жарасса, береке артады

qarmaqshy-tany.kz АУДАН ӘКІМІ ЖАНДОС ЕРКІНБЕКҰЛЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ Т.КӨМЕКБАЕВ, ҚУАҢДАРИЯ, АЛДАШБАЙ АХУН, ТҰРМАҒАМБЕТ, АҚЖАР АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ.

Алдымен аудан орталығынан шалғай орналасқан Т.Көмекбаев және Қуаңдария ауылы тұрғындарымен кездесу өткізген аудан басшысы өңір экономикасын нығайту, тұрғындардың әл-ауқатын, тұрмыстық деңгейін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта іске асырылатын жоспарларын тізбектеді.
Ол биыл Т.Көмекбаев және Қуаңдария ауылдық округтерінде электр энергиясының инфрақұрылым жүйесін қайта жаңғыртатынын айтты. Бүгінде демеушілер тарапынан жоба-сметалық құжаттары әзірленгенін жеткізді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы аталған елді мекендерді облыс және аудан орталықтарымен байланыстыратын «Самара-Шымкент-АқжарТұрмағамбет-Көмекбаев» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу және Қуаңдария ауылындағы Ерімбет және Бейбітшілік көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтып қуантты.
Аудан әкімі екі ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдап, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге азаматтарға жеке қабылдау өткізді.
Мұнан сон ол Т.Көмекбаев ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жұмысы барысымен танысып, жұмысшылармен жүздесті. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі.
Келесі кезекте аудан басшысының есепті кездесуі Алдашбай ахун, Дауылкөл, Ақжар ауылдық округтерінде жалғасты. Елді мекендерде өткен кездесулерде Жандос Еркінбекұлы былтыр аудан әлеуетін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстарды саралап, осы жылға жоспарланған жобаларды баяндады.
Атап айтқанда, биыл аталған елді мекендерді облыс және аудан орталықтарымен байланыстыратын «СамараШымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталатынын айтты. Бұдан бөлек, Тұрмағамбет ауылындағы Т.Ізтілеуов, Н.Жанаев, У.Байменов, Қарақисық Қосұлы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына жобасметалық құжаттамалары әзірлену үстінде екенін тілге тиек етсе, Ақжар ауылындағы Ж.Жабаев көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады деді.
Аудан әкімі жиынды қорытындылай келе, халықтың талап-тілегін тыңдап, айтылған ұсыныс-пікірлердің оңтайлы шешілу жолдары заң аясында қарастырылатынын айтты.
Есепті жиындардан кейін құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.
Аудан әкімі халық алдындағы дәстүрлі есебін Жосалы кенті тұрғындарымен кездесуінде қорытындылады.
Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде кент тұрғындарымен өткізген басқосуда алдымен Жосалы кенті әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлының өткен жылы Жосалы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.
Одан соң, аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы аудан бойынша былтыр өңір экономикасын нығайту, тұрғындар әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асқан іргелі істерді баяндап, осы жылғы жоспарлар жайында сөз қозғады.
Биыл мемлекеттік «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жосалы кентінің 15 көшесіне асфальт төселеді. Өткен жылы Амангелді көшесінде басталған орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары биыл аяқталады. «Тәуелсіздік» ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлерге газ желілері тартыла бастады. Жосалы кентіндегі денешынықтыру және сауықтыру кешенінің, «Шипагер» емханасының, №21 «Тоғжан» бөбекжай балабақшасының бу қазандықтары табиғи газға ауыстырылады. Жосалы кенті әкімі аппараты мен аудан орталығындағы кітапхана ғимараттарына, аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілетін болады. «Жосалы кентінде теміржол арқылы тірек қабырғалары бар жол өтпесінің құрылысы жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу» жобасына техникалық-экономикалық негіздеме құжатын әзірлеу үшін тиісті қаржысы қаралды. Одан бөлек, Жосалы кенті бойынша 19 көше жарықтандырылады. Көше жарықтарын күтіп ұстау үшін қажетті қаржы аудандық бюджеттен бөлінді. Жосалы кентіндегі жасыл желек, саябақ, демалыс бақтары аумақтарын сумен қамтамасыз ету мақсатында 4 жерге техникалық су ұңғымасын бұрғылау жүргізілетін болады. Кенттегі саябақтарды ағымдағы жөндеу және Жастар саябағына тал егу жұмыстары жүргізілетінін және көптің тілеуі орындалып, аудандық орталық ауруханаға компьютерлік томография аппараты сатып алынғанын жеткізді.
Есепті жиында кент тұрғындары Сағат Қосназаров, Тәжітай Тоқсанбаева, Сабыр Қайнарбаев, Бақыт Төребаевалар көкейде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныспікірлерін зерделеді.
Сөз кезегінде аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныс-пікірлерге заңдылықтар аясында нақты жауаптар берді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
04 наурыз 2023 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930