» » ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 160,0 шақырым. Оның ішінде 131,9 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 28,1 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың шақырымын арттыру мақсатында облыстық бюджеттен 1 млрд. 371 млн. теңге қаралып «Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жалпы 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Республикалық және облыстық бюджеттерден 674 млн. теңгеге «Қызылтам елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 4,6 шақырым автомобиль жолына асфальт төселді.

Қармақшы ауданындағы аудандық маңызы бар жолдар барлық елді мекендерде тартылып, жөнделіп қазіргі кезде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 84 пайыздан асты. Ақжар ауылындағы А.Құнанбаев көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 90 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Төретам кентінің 3 көшесіне, Жосалы кентіндегі 2 көшесіне және Тұрмағамбет ауылындағы 5 көшесіне күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен 762,2 млн.теңге қаралып, көшелерінің жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Жосалы кентінің 4 көшесінің (Тоғанас батыр, Меней батыр, Кішенов, Әділов көшелері) орташа жөндеу жұмыстарына 94,4 млн.теңге қаржы қаралып, жұмыстары толығымен аяқталды.

Биылғы жылыда жолдарды жақсарту мақсатында 35 жобаға 1,6 млдр. теңге қаржы бөлініп отыр. Автомобиль жолдары саласындағы 2025 жылы жүзеге асырылатын ірі жобалардың бірі Төретам-Ақай айналма жолы. Жобаның құны 1,1 млрд. теңге. Бүгінгі күні мердігер мекеме («ОрдаАвтоДор» ЖШС) анықталып отыр. Бұл жолға жөндеу жұмыстары жүргізу арқылы Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі 60 мыңға жуық тұрғындары сапалы көлік қатынасына қол жеткізетін болады. Бұл жобалардан бөлек, қосымша облыстық және республикалық бюджеттің нақтылауына құны 1,2 млрд. теңге болатын 13 жоба ұсынылды.

31 қаңтар 2025 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930