» » Қармақшы ауданы әкімінің халықпен кездесулері басталды

Қармақшы ауданы әкімінің халықпен кездесулері басталды


Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Төретам кенті, Ақай және Қармақшы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесулерде аудан басшысы атқарылып жатырған ауқымды жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

Төретам кентін газбен қамтамасыз ету бойынша 2022 жылдан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда техникалық шарт дайындау, тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, Төретам кентінде автобустық 10 аялдама орнату жұмыстары жоспарланып отыр.

Ақай елді мекенінде газ құбырларын жүргізу жұмыстары толық аяқталып, көгілдір отын халық игілігіне берілді. Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақай ауылында дене-шынықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ақай ауылындағы 5 көшеге орташа жөндеу жүргізу, 21 көшесіне қиыршық тас жолдарын салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

Қармақшы ауылының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленіп отыр. Ауыл төлқұжатын жаңартуға қаржы қаралып, жаңадан орнатылды. «Жеңіс» бағын қоршау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, биылғы жылы фельдшерлік-акушерлік бекеттің құрылысы басталады.
Сонымен қатар, республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен аудандық маңызы бар «Қызылтам елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары басталып, 4,6 шақырым автомобиль жолына асфальт төселді. Қазіргі таңда жол белгілерін орнату, жол жиектеріне тас төсеу секілді жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі жиын соңында аудан экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын таба беретінін жеткізіп, әрі қарай тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді.

10 маусым 2024 ж. 297 1

Shari от 29 мамыр 2025 10:27
Thanks a lot, Plenty of data! casino en ligne francais Many thanks, Good information! casino en ligne You actually suggested this superbly. casino en ligne Terrific forum posts Cheers. casino en ligne Great stuff. Appreciate it! casino en ligne francais Thanks! A lot of stuff! meilleur casino en ligne You actually suggested that fantastically! casino en ligne France Really loads of great tips! casino en ligne fiable Kudos! I enjoy this! casino en ligne With thanks, Ample stuff. casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 856
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30