» » ҚАРМАҚШЫ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ


«Руханият» орталығында аудан әкімінің тапсырмасымен Қармақшы ауылдық округінің әкімі Аязбек Есқараевтың елді мекеннің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары жөніндегі есебі тыңдалды.

Биыл ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл орталығына аудандық бюджет есебінен 2,5 млн теңгеге 4 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Сондай-ақ елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне ерекше көңіл бөлініп, санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдан 1 шақырым қашықтықта орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіру жұмыстары қолға алынды.

Инженерлік инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауыл көшелеріндегі жарықтандыру жүйелеріне жөндеу жүргізіліп, 275 жарық бағанасы қалпына келтірілді.

Есеп барысында Аязбек Тайжанұлы атқарылған жұмыстармен қатар, ауылдық округтің алдағы кезеңдегі негізгі міндеттеріне де тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

12 тамыз 2026 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30