» » ҚАРМАҚШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

ҚАРМАҚШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА


Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің халықпен кездесуі Қармақшы ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында ауылдық округте атқарылған жұмыстар сараланып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қармақшы ауылының орталығына аудандық бюджет есебінен 2,5 млн теңгеге 4 дана бейнебақылау камерасы орнатылды.

Сонымен қатар ауылдық округтің санитарлық тазалығын сақтау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтар алынып, тиісті жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.

Экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдан 1 шақырым қашықтықта орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіру жұмыстары қолға алынды.

Инженерлік инфрақұрылымды жақсарту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауыл көшелеріндегі жарықтандыру жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 275 дана жарық бағанасы қалпына келтірілді.

Кездесу барысында тұрғындар ауыз су, табиғи газбен қамту, электр желілерінің тұрақты жұмысы және өзге де сұрақтарын қойды. Аудан әкімі көтерілген мәселелерге қатысты түсіндірме беріп, жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 маусым 2026 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 922
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930