Топ-баннер
Топ-баннер2
» » АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ


Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің халықпен кездесуі Төретам кентінде жалғасуда. Кездесуде Төретам кентінде биыл атқарылып жатқан бірқатар өзекті жұмыстар мен жаңа жобалар баяндалды.

Аудан әкімінің қолдауымен жастардың және кент тұрғындарының мәдени демалысын арттыру мақсатында грант бөлініп, «Жылжымалы кинотеатр» сатып алынды. Бүгінде бұл жоба тұрғындар үшін мәдени шараларды ұйымдастыруға пайдаланылып келеді.

Жанқожа батыр көшесіне футбол алаңы орнатылды. Жастар спортын дамыту мақсатында аудандық бюджеттен 28 млн теңге бөлініп, заманауи футбол ойын алаңы салынып, тұрғындардың пайдалануына берілді.

Сонымен қатар Төретам теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырғаны белгілі. Қазір вокзал аумағын абаттандыру мен ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып, жөндеу жұмыстары басталды.

Кент көшелеріндегі жарықтандыру жүйесі де назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда 963 дана жарық шамдары тұрақты жұмыс істеп тұр. Осы жүйеге техникалық қызмет көрсету үшін 2 млн теңгеге жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасалып, жарықтандыру желілері бойынша жоспарлы жұмыстар уақытылы жүргізілуде.

Аудандық маңызы бар «Төретам–Ақай» (ұзындығы 5,3 км) автомобиль жолының жөндеу жұмыстары да басты назарда. Қазір мұндағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.

Сондай-ақ аудан басшысы кездесу соңында тұрғындарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріп, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 желтоқсан 2025 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 600
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031