» » Қармақшы ауданы әкімі Жосалы кенті тұрғындарымен кездесті

Қармақшы ауданы әкімі Жосалы кенті тұрғындарымен кездесті


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Жосалы кенті тұрғындарымен кездесуі өтті.

Кездесуде аудан басшысы жыл басынан бері атқарылған ауқымды жұмыстар мен алдағы жоспарларымен бөлісті.

Өткен жылы, Жосалы кентінде халықтың әлеуметтік осал топтарына және кезектілікте тұрған азаматтарға тұрғын үй қорынан үй сатып алуға қаржы бөлініп, 50 пәтер сатып алынып, ел егілігіне пайдалануға берілді. Биылғы жылы 100 пәтер сатып алынып, пайдалануға беріледі.

«Тәуелсіздік» ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу құрылысы жүргізілуде.

Аудандық бюджет қаражаты есебінен құны 27,3 млн. теңеге болатын 2 балалар ойын және футбол алаңдары салынып, пайдалануға берілді.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жосалы кентінің С.Ысқақов көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Томанов көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 262,0 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Аудандық бюджет қаражаты есебінен Жосалы кентінде Тоғанас батыр, Меңей батыр, Кшенов, Әділова көшелерін орташа жөндеуге 94,4 млн. теңге қаржы қаралды. Сонымен қатар, Жосалы кентінің 20 көшесіне қиыршық тас жолдарын салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

Көше жарықтары бағаналарына декоративті безендіру жарықтарын орнату жұмыстары мен 4 көшені жарықтандыруға 19,4 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

Кенттің кіре-берісінде төлкұжатын орналастыру үшін қаржы қаралып, алдағы уақытта паспорт орнату жұмыстары жүргізіледі.

Жергілікті тұрғындар үшін өзекті мәселе, Мырзағалиева көшесінде темір жол өткелі құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылды.

Заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2024-2025 жылдар аралығында Жосалы кентінде жаңа мектеп ғимаратының құрылысы басталады.

Қ.Жолдыбаев көшесінің Е.Көшербаев пен А.Құнанбаев көшелері аралығын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Т.Рысқұлов көшесінің Е.Көшербаев көшесінен «Сырдария» өзеніне дейінгі бөлігіне тас төсеніштен жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары басталды. 2023 жылы басталған Шығыс каналы жағасын абаттандыру жұмыстарын аяқтауға, А.Құнанбаев көшесіне кіре беріс бөлігін және І.Мүсірбаев көшесінің бойын абаттандыруға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нарықты ішкі өнімдермен толықтыру мақсатында Жосалы кентіне 31 гектар қосымша бақшалық жерлер дайындалып, 63 отбасыға бөлініп берілді. Нәтижесінде 5 гектар картоп, 5 гектар көкөніс, 21 гектар бақша дақылдары егілді.

Кездесу соңында аудан әкімі кент тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныстарды мұқият тыңдай келе, барлық сауалдарға заңдылықтар аясында нақты жауаптар берді.

15 маусым 2024 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 292

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 388

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930