» » АУДАН ӘКІМІ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕГІ ІРІ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН БАҒАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕГІ ІРІ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН БАҒАЛАДЫ


Қармақшы ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандарды жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағында тұрғын үй, жол, ойын алаңдары мен теміржол вокзалы секілді маңызды нысандарда құрылыс және жөндеу жұмыстары өз кезеңімен жүргізілуде.

Осы мақсатта аудан әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентінде орналасқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы 1965 жылы салынған Төретам теміржол вокзалының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді. Жоба тапсырыс берушісі — “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ, бас мердігер — “Р и А Сервис ЛТД” ЖШС. Жалпы аумағы – 597,6 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталған. Жобаның жалпы құны – 501 млн теңге. Қазіргі уақытта эскиздік жобаға сәйкес ғимараттың сыртқы қасбетін жылу сақтағыш материалдармен және травертинмен қаптау жұмыстары атқарылуда.

Келесі нысан — Төретам кентінде салынып жатқан балалар ойын және футбол алаңдары. Бұл жобаға аудандық бюджеттен 28,6 млн теңге бөлінген. Мердігер мекеме — “ЭнергияСтройМонтаж” ЖШС. Мердігер мен “Төретам кенті әкімінің аппараты” КММ арасында 28 млн теңгеге ағымдағы жылдың 12 мамырында келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмысы баяу жүргізіліп жатқаны анықталды. Осыған орай аудан басшысы мекемеге құрылыстың мерзімінде әрі сапалы орындалуы қажет екенін қатаң ескертті.

Аудан әкімі Төретамнан кейін Байқоңыр қаласында бой көтеріп жатқан 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылыс барысын көрді. Қайта жаңғыртылып жатқан құрылыс жұмыстарының жалпы жоба құны – 2 млрд 586 млн теңге. Мердігер — “Аман-Құрылыс” ЖШС. Бүгінде барлық бес үйдің ішкі сылақ жұмыстары аяқталып, левкас және кафель төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сапар соңында аудан басшысы облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан “Төретам-Ақай” айналма автожолының күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылап шықты. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижесінде “ОрдаАвтоДор” ЖШС мердігер болып танылып, ұсынылған қаржы көлемі 1,1 млрд теңгені құрады. Күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 528,4 млн. теңге қаралып, келісім шарт жасалды. Бүгінде жөндеу жұмыстары басталып, жол жабынын жаңарту, төсем қабатын нығайту жұмыстары жүргізілген. Ендігі 3,3 шақырым автожол жұмыстарын толық аяқтауға – 610,6 млн. теңге қаржы қажет. Қазіргі таңда бұл қаржыны бөлу бойынша жұмыстар қарастырылуда.

Аудан әкімі жұмыс сапары барысында мердігер ұйымдарға құрылыс сапасын сақтап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына нысандарды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

21 тамыз 2025 ж. 67 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 272
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031