» » АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қармақшы ауданында теміржол вокзалдарын жаңғырту, балалар ойын алаңдарын көбейту, аулалық клубтардың жұмысын жандандыру, сондай-ақ елді мекендердің абаттандырылуын күшейту бағытында бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда.

Осыған орай, аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Атап айтқанда, теміржол вокзалы ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары мен Мүсірбаев көшесінде салынып жатқан балалар ойын алаңы назарға алынды.

Теміржол вокзалына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары — облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы маңызды бастама.

1904 жылы салынған тарихи маңызы бар бұл вокзал ғимараты қазіргі кезде “Қазақстан темір жолы” ҰҚ АҚ тапсырысымен, “Р и А Сервис ЛТД” ЖШС мердігерлігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс сәуір айында басталған, желтоқсанда аяқталады деп жоспарланып отыр. Жалпы жоба құны – 526 млн теңге.

Жөндеу аясында ғимараттың сыртқы келбетін әрлеу, шатырды жаңарту, ішкі бөлмелерді қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде демонтаж жұмыстарының 70%-ы аяқталған.

Мұнан соң аудан басшысы Мүсірбаев көшесіндегі балалар ойын алаңының құрылысымен танысты. Мүсірбаев көшесінде балалар ойын алаңының құрылысы қарқынды жүруде. Жоба “Жосалы кенті әкімінің аппараты” КММ мен “Энергия Строй Монтаж” ЖШС арасындағы келісімшарт аясында жүзеге асырылып отыр. Құны – 28,56 млн теңге.

Қазіргі таңда алаңды абаттандыру, ойын және спорттық құрылғыларды орнату жұмыстары басталған. Жұмыс барысы аудан әкімінің тұрақты бақылауында.

Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, бұл жұмыстарды өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Айта кетейік, аудан бойынша Төретам кентінде, ІІІ Интернационал және Ақжар ауылдық округтерінде балалар ойын алаңы салынуда. Сондай-ақ, Қуаңдария ауылында спорт алаңы жанынан көше жаттығу алаңының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысандар аяқталып, кезеңімен пайдалануға берілетін болады.

21 тамыз 2025 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930