» » Құрылыс және жөндеу жұмыстары аудан әкімінің бақылауында

Құрылыс және жөндеу жұмыстары аудан әкімінің бақылауында




Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысын бақылап, нақты тапсырмалар берді.

Алдымен аудан басшысы Байзақ тегі көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылысын көріп, жұмыстың сапасына және тұрғындар үшін қолайлы болуына назар аударды. Мердігер мекемеге құрылыс материалдарының сапасын қадағалап, бекітілген мерзімнен кешікпеуді ескертті.

Одан кейін М.Құдабаев және І.Мүсірбаев көшелерінде салынып жатқан балалар ойын алаңдарының жай-күйімен танысты. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес қолға алынған бұл жобаның сапалы әрі қауіпсіз орындалуы тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар Н.Нақыпов, Келменбет батыр және Қ.Шыңғысов көшелеріндегі күрделі жол жөндеу жұмыстары да аудан әкімінің назарында болды. Нысан басында аудан басшысы жауапты бөлімдер мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстардың сапасы мен уақтылы орындалуын үнемі бақылауда ұстауды міндеттеді.
04 шілде 2025 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 034
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031