» » Аудан әкімі кенттегі құрылыс нысандарын қадағалады

Аудан әкімі кенттегі құрылыс нысандарын қадағалады

Кеше Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, олардың жағдайымен танысты. Әкім аталған нысандардың тұрғындар үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, сапасына және қолданыстағы инфрақұрылымды жетілдіру қажеттілігіне баса назар аударды.

Алдымен, Т. Құлмұратов, Д. Мырзағалиева, Ә. Жаназаров және Ы. Қасымов көшелеріндегі қолданыстағы балалар ойын алаңдары мен Балқы базар көшесіндегі стритбол алаңының жай-күйімен бақылады. Сондай-ақ сол жерде ойнап жүрген балалармен пікірлесіп, олардың тілектерін тыңдап, ойын алаңдарындағы кемшіліктерді түзетуге және қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізілетінін айтты.

Сонымен қатар, А. Иманов көшесінің ағымдағы жағдайын тексеріп, Ү. Томанов көшесінде жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Аудан басшысы жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалап, олардың белгіленген уақытында аяқталуын қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды.

Аудан басшысы сапалы инфрақұрылым мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – басты міндет екенін атап өтіп, барлық жұмыстардың халық игілігі үшін сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын айтты.
12 қыркүйек 2024 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031