Құрылтай
» » Темір жол вокзалының жай-күйімен танысты

Темір жол вокзалының жай-күйімен танысты

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентінде орналасқан теміржол вокзалының жұмысымен танысты. 

Қазіргі таңда, ғасырлық тарихы бар вокзал ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

Аудан басшысы теміржол вокзалы ауданның маңызды көлік инфрақұрылымы екенін және оның жаңартылуы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтіп, тиісті сала басшыларына жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар аудан әкімі вокзал маңындағы кәсіпкерлік нысандарды да аралап, олардың сыртқы келбеті мен жалпы жағдайын бағамдады. Жосалы кентінің әкімі мен сала басшыларына кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін қалыпқа келтіру және әрлеу жұмысын жүргізу қажеттігін айтты. Кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту жұмыстарын жүргізіп, олардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
12 қыркүйек 2024 ж. 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31