» » Аудан басшысы қосалқы станцияларды аралап, бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

Аудан басшысы қосалқы станцияларды аралап, бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов облыс әкімінің жедел жиында берген тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сала мамандарымен бірге Жосалы кентіндегі Н.Айсауытов көшесінде орналасқан 10/04 кВ №220, Х. Жомартов көшесінде орналасқан 10/04 кВ №112, Т.Көмекбаев көшесінде орналасқан 10/04 кВ №8, Т.Ізтілеуов көшесінде орналасқан 10/04 кВ №9 қосалқы станциялардың жай-күйімен танысты.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларына аудан тұрғындары үшін өте қажетті жарық, су, жылудың халыққа үздіксіз берілуі және тұрақты жұмыс жасауы бағытында нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін электр желілерін жөндеуден өткізу және облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық басқармасына тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.
Жұмыс сапары барысында кент орталығындағы Д.Мырзағалиева көшесінің бойында орналасқан және Қорқыт станциясындағы балалар ойын алаңының жұмысымен танысқан аудан әкімі балалар игілігі үшін жасалатын әрбір жұмыстың басты назарда болу қажеттігін айтты.
Сонымен қатар Е.Сексенбаев көшесіндегі абаттандырылған саябақтың жәй-күйімен танысып, құрылысы жүріп жатқан денешықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыс барысын зерделеді, мердігерлерге құрылыс жұмыстарының сапалы, әрі талапқа сай жүргізілуін міндеттеді.
Бұдан соң Қорқыт станциясы тұсындағы Сырдария өзенінің жай-күйімен танысып, су тасқынының алдын алу бағытында тиісті мекеме басшыларына қауіпсіздік шараларын қабылдауды және ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.

11 қаңтар 2023 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930