» » Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов бірқатар нысандарды аралады

Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов бірқатар нысандарды аралады

qarmaqshy-tany.kz Кеше аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов тиісті сала мамандарымен бірге Жосалы кенті аумағында орналасқан бірқатар нысандарды аралап, олардың жай-күйімен танысты.
Ең алдымен Жосалы кентіндегі қосалқы станциялардың жұмысымен танысқан аудан басшысы жауапты сала басшыларына қосалқы станциялардың тұрақты және іркіліссіз жұмыс жасауын, сонымен қатар бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін электр желілерін жөндеуден өткізу туралы нақты тапсырмалар берді.
Содан соң, бөгеу жұмыстары жүргізілген «Қожатай» су тоспасының жәй-күйін бақылап, жеке кәсіпкер Ш.Күзембаеваның жайылымдық жерімен танысты.
Кент орталығындағы Д.Мырзағалиева көшесінің бойында орналасқан балалар ойын алаңын аралаған аудан әкімі бұдан соң Қорқыт станциясына барып, станциядағы су қорғау аймағының жұмысын қадағалап, балалар игілігі үшін жасалған ойын алаңын көрді.
Жұмыс сапарын жергілікті ардагерлермен еркін кездесумен түйіндеген аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы айтып, ардагерлердің талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлері бақылауда болатынын жеткізді.

11 қаңтар 2023 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 154

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031