» » Аудан әкімі кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты

Аудан әкімі кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы Жосалы кентінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, жұмысымен танысып шықты.
Алдымен, жеке кәсіпкер Нағима Тоқсанбаеваның «Таңсықбай» сауда базарының жай-күйімен танысып, оның орнына жаңадан салынатын сауда орталығының жобасын пысықтады.
Одан соң, жеке кәсіпкер Үкібаева Тиішкүлдің «Тако» көкөніс және жеміс-жидектер сауда дүкеніне барып, алдағы уақытта ашылатын көкөніс және жеміс-жидектер сақтау қоймасының құрылысының жобасын талқылады.
Сонымен қатар, «Бибінұр» сауда базарымен танысып, базар саудагерлерімен пікірлесіп, олардың талап, тілектерін тыңдады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Ахметов Бисембайдың көкөніс және жеміс-жидектер дүкенінің жұмысымен танысып, туындаған мәселесін шешуге тапсырма берді.
Одан бөлек, Жұмабеков Бахтиярдың «Достық» сауда үйінің жұмысын көріп, азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында тиісті шаралар қабылдау қажет екенін айтты.
Кәсіпкерлік нысандарды аралаудың соңында жеке кәсіпкер Алмат Шоңғараевтың көлік жөндеу орталығының жұмысымен танысты.
Аудан басшысы барлық кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысу кезінде нысан иелеріне әрбір ғимараттың сыртқы келбетінің талаптарға сай болуын және санитарлық тазалықты сақтау қажет екендігін түсіндіріп, ескертулер жасады.

https://www.instagram.com/p/Cn1Y_qAKDF8/?utm_source=ig_web_copy_link
25 қаңтар 2023 ж. 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930