» » Аудан басшысы кәсіпкерлік нысандарды аралады

Аудан басшысы кәсіпкерлік нысандарды аралады


Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков Жосалы кентінде орналасқан «Технодом», «Сұлтан» сауда орталықтарын аралап, жұмысымен танысты. «Жаңадан сауда нысандарын ашу, орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету, тұрғындарға қолайлы және жайлы жағдайлар жасау – біздің мақсатымыздың бірі»,- деп атап өтті аудан әкімі М.Қалдарбеков.
Аудан басшысы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне, ауыл шаруашылығы бөліміне азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсуін болдырмауды және бірінші қажеттіліктегі өнімдерінің бағасына үнемі мониторинг жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайға сәйкес кауіпсіздік шараларды қатаң бақылауда ұстау қажеттігін де ескертті.
Қоғамдық орындарда, сауда нүктелерінде азаматтардың бетпердемен жүруі, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы міндеттелгені айтылды.
Аудандық мобильдік топтар күнделікті рейдке шығып, сауда нысандарын және әлеуметтік нысандарды аралауда. Мобильдік топ мүшелері нысандардың тазалығына, сақтық шараларына, қорғаныш заттарына назар аударып, жауапты басшыларға санитарлық талаптардың сақталуы керектігін ескертуде.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 ақпан 2021 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728