» » Аудан басшысы Төретам кенті тұрғындарымен кездесті

Аудан басшысы Төретам кенті тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов Төретам кентінің тұрғындарымен кездесті. Алдымен кенттегі №85 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалады.
Мемлекет қазынасынан бөлінген әрбір тиын тиімді жаратылу керек. Сондықтан, жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражатты уақытылы игеріп, сапалы жұмыс істеңіздер - деді аудан әкімі мердігер мекеме басшысына тапсырма беріп.
Аудан әкімінің кентке сапары тұрғындармен кездесуде жалғасты. Жұртшылық көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды. Кент тұрғындарын мазалаған жол мәселесі де шешімін таппақ. Төретам кентіндегі 5 көшені жарықтандыруға қаржы бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қоғамдық қауымдастықпен бірлесе отырып «Төретам кентіндегі кәріз желісінің құрылысы», «Төретам кентінде 4 дана, Ақай ауылынан 2 аяқ су ұңғымаларын орналастыру» жобалары демеушілік есебінен әзірленуде. Аталған жобалар әзірленіп сараптама қорытындылары алынған бойда республикалық бюджеттен қаржы бөлдіру бағытында тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Кәсіпкерлігі де өркендеген өңірлердің қатарында. Мысалы, 2022 жылы Төретам кентінде «Светофор» сауда орталығы, «Гелиос» жанармай құю бекеті, сонымен қатар бірқатар сауда нысандары іске қосылды. Төретамда 1500-ге тарта ірі қара, мыңнан аса жылқы, 3 жарым мыңға жақын уақ мал және 250-дей түйе тіркелген.
Кентте мұнан басқа да салаларда алға жылжу бар. Аудан әкімі кездесуден соң тұрғындарды жеке қабылдауын өткізді.
05 тамыз 2022 ж. 702 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728