» » Аудан әкімі Төретамдағы жолдарды аралады

Аудан әкімі Төретамдағы жолдарды аралады

Қармақшы ауданы әкімі М.Қалдарбеков Төретам кентінде жұмыс сапарымен болып, жаңадан жөндеуден өтіп жатырған жолдармен танысып шықты.
Аудан басшысы Төретам кентінің тұрғындарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және жолды жөндеуден өткізіп жатырған мамандарымен сұхбаттасып пікірлесті.
- «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында көптеген игі бастамаларды жүзеге асырғалы отырмыз. Жұмысты уақытылы және сапалы жүргізу басты мақсат болуы қажет. Құрылысы жүргізіліп жатқан жолдардың сапалы орындалуына тұрғындар тарапынан, қоғамдық ұйымдар мен кент басшыларының тарапынан үнемі бақылауда болуы керек,- деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы
Сонымен бірге аудан әкімі мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін және жол құрылысы жүрген нысандарды белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін Төретам кентінің басшылығына жүктеді.
Кентті абаттандыру, үнемі тазалығын сақтап, әрлеу жұмыстары бойынша кент басшылығына нақты тапсырмалар беріп, бақылау басты назарда болатынын жеткізді.
04 маусым 2021 ж. 1 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 007
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 622

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031