» » АУЫЛДАРДЫҢ ӨРКЕНДЕУІ – ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ

АУЫЛДАРДЫҢ ӨРКЕНДЕУІ – ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің тұрғындармен кездесулері тұрақты түрде жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін аудандағы 12 ауылдық округ пен 2 кенттің жетеуінде өткізілген кездесу Ақжар, Ақтөбе және ІІІ Интернационал ауылдық округтерінде жалғасты. Соңғы уақытта бұл елді мекендерде ауыл инфрақұрылымын жаңғырту және әлеуметтік нысандарды жақсарту бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылды.

Ақжар ауылында Абай, Ш.Уәлиханов, Р.Жиенбаев және С.Сейфуллин көшелеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, жалпы құны 389 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, Ораз ахун көшесінің жанындағы спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтіп, 10,3 млн теңге қаражатына ауыл тұрғындарының пайдалануына берілді. Ауылдың көркеюіне қосқан үлесі үшін Ақжар ауылдық округі облыс көлемінде өткізілген «Үлгілі елді мекен» конкурсында биыл III орын алып, арнайы техникамен марапатталды.

Ақтөбе ауылында да әлеуметтік мүмкіндіктер кеңейіп, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Ы.Сейтенов, Т.Салқынбайұлы және Н.Сералиев көшелері толықтай жарықтандырылды. Ауыл ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп, аяқ су мәселесі де оң шешімін тапты. А.Иманов және Кеңсе көшелеріне жарық бағаналарын орнату үшін 16 млн теңге бөлінген. Мәдениет саласын дамыту мақсатында ауылдық клуб үйіне 5 млн теңгеге LED экран және арнайы құрал-жабдықтар сатып алынды.

Интернационал ауылдық округінде Цай Ден Хак, Наурыз және Сахи Жарылқасынов көшелеріне 11,4 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал Қорқыт ата, Бәйтерек, Тәуелсіздік, Пак Чен Ир, Амангелді, Қазақ және Цай Ден Хак көшелерін жарықтандыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Сонымен қатар 7,8 млн теңгеге Урман каналына су айдайтын электронасостарын қосуға қажетті КТПН сатып алынып, электр желілері мен бағаналары орнатылды.

Жиынды қорытындылай келе, Жандос Еркінбек ауылдардың әлеуеті жыл сайын артып келе жатқанын, биылғы көрсеткіштер де алдағы жұмыстарға зор серпін беретінін айтып, жаңа жобалардың іске асатынына сенім білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

11 желтоқсан 2025 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930