» » КЕЗЕКТІ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТІ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТКІЗІЛДІ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Ақай, Жаңажол және Жосалы ауылдық округтері әкімдерінің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен жоспарларына арналған баспасөз брифингі өтті.

Ақай ауылдық округінің әкімі Батыр Тұрғанов:

– «Жыл басынан бері ауылдың санитарлық тазалығы мен абаттандыруына ерекше мән берілді. “Таза Қазақстан” акциясы аясында 233 түп ағаш көшеті отырғызылып, бұл жұмыс тұрақты жолға қойылды. Сонымен қатар жаңа балалар ойын және спорт алаңдары пайдалануға беріліп, бес жаңа аялдама орнатылды. Алдағы уақытта да ауылды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады», – деді.

Сондай-ақ брифинг барысында ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы іске асқан жобалар, көшелерді жарықтандыру, газдандыру, электр желілерін жаңғырту бағытындағы жұмыстар да айтылды.

Жаңажол ауылдық округінің әкімі Әбимүсілім Қоқанов өз баяндамасында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саланың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

– «Биыл ауыл шаруашылығы саласында егіс көлемі сақталып, кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелерге қол жеткізуде. Сонымен қатар білім мәдениет және спорт салаларында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. Елді мекенді көркейту, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда», – деді ауыл әкімі.

Өз кезегінде Жосалы ауылдық округінің әкімі Владимир Жалғасбаев елді мекенде жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды.

– «Қазір Төребай би ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар аяқ су жүйесін қалпына келтіру, көшелерді жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату, санитарлық тазалық пен көгалдандыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті дамыту, білім, мәдениет және денсаулық сақтау салаларын қолдау жұмыстары да тұрақты бақылауда», – деді.

Брифингте БАҚ өкілдері тарапынан ауылішілік жолдардың жай-күйі, аяқ су, және өзге де өзекті мәселелер бойынша қойылған сауалдарға жауап берілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 тамыз 2026 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 753
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 197

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930