» » ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САҚТЫҚ - БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САҚТЫҚ - БАСТЫ БАСЫМДЫҚ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Спартак Күзембаев және Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Данияр Байрахметов 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндады.

Спартак Қожантайұлы аудан аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген профилактикалық іс-шараларға тоқталды. Бүгінде жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу бағытындағы жоспарлы вакцинациялау және зертханалық тексерулер толық көлемде орындалған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын бақылау, ішкі сауда нысандарындағы ветеринариялық бақылау және тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Ал Данияр Әлімжанұлы аудан аумағындағы төтенше жағдайлардың ахуалы, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау саласында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Ол өрттердің алдын алу, бақылау-профилактикалық тексерулер жүргізу, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шомылу маусымындағы рейдтік жұмыстар, сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы толық мәлімет берді.

Брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріліп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 шілде 2026 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031