» » ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ БАҒЫТ


Аудан әкімінің тапсырмасымен «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Брифинг барысында Қармақшы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Оспан Ешжанов 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында аудандық полиция бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баяндама жасады.

Жиында Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылған профилактикалық іс-шаралар мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтар және қылмыстың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар өткен жылдан салыстырғанда тіркелген қылмыстар санының төмендегені айтылды. Сондай-ақ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың оң нәтиже бергені атап өтілді.

Брифингке қатысқан БАҚ өкілдері құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздік және өзге де өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Полиция өкілдері сауалдарға жауап беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 маусым 2026 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 130

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930