» » ТӨРЕТАМДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТӨРЕТАМДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес өткізілген кезекті баспасөз брифингінде Төретам кентінің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жобалардың барысы айтылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан брифингте Төретам кентінің әкімі Нұрлыбек Сайымов кенттің даму көрсеткіштеріне тоқталып, барлық салаларда жүзеге асқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету жұмыстары жалғасып, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 7 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар да іске асуда.

Инфрақұрылымдық жобалардағы жұмыс қарқынды. Д.Байтөреев көшесінде жаңа футбол алаңы пайдалануға беріліп, Төретам теміржол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Вокзал маңын абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Бұдан бөлек жарықтандыру, ауыз су, санитарлық тазалық, жол инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет және спорт салаларында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндаған Нұрлыбек Ізбасарұлы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы да назардан тыс қалмағанын атап өтті.

Брифингте бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және аудан әкімдігінің ресми парақшасында өткен тікелей эфир барысында тұрғындардан келіп түскен сауалдарға толық жауап берілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

05 тамыз 2026 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930