» » АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕ ӨТТІ

АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕ ӨТТІ


Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізіп, 2026 жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.

Кездесу барысында кенттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталған кент әкімі Нұрлыбек Ізбасарұлы 12 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенде жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатқанын жеткізді.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы аясында бірқатар бастамалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 20,6 млн теңгені құрайтын екі жоба қолдау тапты.

Жастарға жақсы жаңалық - аудандық бюджеттен аудан әкімінің қолдауымен 37 млн теңгеге Д.Байтөреев көшесінде заманауи футбол алаңының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ тұрғындардың бастамасымен «Түлектер аллеясы» мен «Орталық алаң» жобалары әзірленді.

Инженерлік инфрақұрылым саласында да бірқатар жұмыстар жүргізілді. Жарықтандыру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мақсатында арнайы қаржы бөлініп, 70 дана жарық шамы мен қажетті қосалқы бөлшектер ауыстырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ал орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған 1 946 абонентке ауыз су үздіксіз жеткізіліп келеді.

Ауданның өркендеуі жолында жүргізілген жұмыстарды атап өткен Жандос Еркінбек тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 маусым 2026 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 360
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 882

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930