» » Аудан әкімі Төретам тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Төретам тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентінің халқымен кездесті. Еркін форматта өткен басқосуда аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы қысқаша баяндады.

Биыл Төретам кентінде ауқымды 6 жоба іске асырылмақ. Атап айтқанда, Төретам кентінде газ құбыры желілерін салу, Байсейітова көшесінен №22-ТВ және №269 орта мектебі жанынан №23-ТВ техникалық су ұңғымаларын бұрғылау, Мұсабаев көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, Төретам-Ақай айналма жолын күрделі жөндеуге және Байсейтов, Байтұрсынов, Момышұлы көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге тиісті қаржылары бөлініп отыр.

Кездесу соңында аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, айтылған мәселелердің алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан әкімі халықпен кездесуден кейін «Жастар бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасы аясында атқарылған жұмыстармен танысты.

Биыл алғаш рет аудан жастарының бастамалары қаржылай қолдау тапты. Ауданға қарасты кент, ауылдық округтерде құрылған бастамшыл топтар өз жобаларын ұсынып, 14 жобаға шағын гранттар табыс етіліп отыр.

Соның ішінде, Төретам кентінде грант иесі атанған белсенді жастар қажетті құрал-жабдықтарын алып, бүгінде балалар игілігі үшін тегін домбыра үйірмесі жұмыс жасауда.

06 маусым 2023 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930