» » ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев Арал, Қазалы, Қармақшы ауданы орталықтарындағы, Сексеуіл мен Төретам кенттеріндегі теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстарымен танысты.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен облыс аумағындағы теміржол вокзалдарының барлығына күрделі жөндеу, вокзал маңын абаттандыру жұмыстары қолға алынған.
2023 жылы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеден астам қаржыға Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимараты мен іргелес аумағы жаңғыртылған болатын.
Қазіргі таңда барлық ауданда, сондай-ақ Төретам және Сексеуіл теміржол вокзалдарында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаңарған инфрақұрылым жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға, қауіпсіздік талаптарын күшейтуге мүмкіндік береді.
Вокзал ғимараттарының сырты және іші жаңартылып, күту залдары, билет сату орындары және санитарлық тораптар заманауи талаптарға сәйкестендірілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілер толық жаңартылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінген.
Қазіргі таңда "Арал теңізі" теміржол вокзалында құрылыс- монтаж жұмыстары қарқынды. Шатырдың металлоконструкциясы жиналып, ішкі және сыртқы қабырғалар сылануда.
Сексеуіл теміржол вокзалында қатты травертинмен қаптау, кафель төсеу, есіктер орнату, ішкі қабырғаларды әрлеу жұмыстары қарқын алған.
Қазалы теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Ал, Жосалы және Төретам теміржол вокзалдарында сыртқы қабырғаны қатты травертинмен қаптау, еденді кафельдеу, жылу жүйелерін жүргізу, шатырды ауыстыру және сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынған.
Жаңғырған вокзалдар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

11 қаңтар 2026 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728