БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТТІ
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Руханият орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кезекті баспасөз брифингі ұйымдастырылды.
Жиында Иіркөл ауылдық округінің әкімі Төлегенов Жағыпар Асанұлы, Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Қанат Әбдіғаппарұлы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Сәндібеков Тәуекел Қайырбекұлы, «Сыр суы» филиалының «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің басшысы Қаршыға Әділет және «QazaqGazAimaq» АҚ Жосалы газ шаруашылығы мекемесінің басшысы Мусаев Ержан Темірбекұлы есепті кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.
Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына толыққанды жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер ұсынылды. Сонымен қатар, халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік бақылауды күшейту және тұрғындармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.















