Конституция
» » ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Руханият орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Брифингте Қармақшы аудандық ветеринариялық станциясы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Нұрлан Бисенбаев және «Қармақшысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Ерболат Бодыбаев 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Нұрлан Ертайұлы аудандағы ветеринариялық ахуалдың тұрақты екенін атап өтіп, жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу бағытындағы жоспарлы вакцинациялау, диагностикалық зерттеулер мен энзоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралардың бекітілген жоспарға сәйкес орындалғанын жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету және тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының барысына тоқталды. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағында аса қауіпті жануарлар аурулары тіркелмеген.

Ал Ерболат Абытұлы суару маусымының барысы, су ресурстарын тиімді пайдалану және су шаруашылығы нысандарын күтіп-ұстау бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Биыл суармалы егістіктерге қажетті су жеткізу жоспарлы түрде жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тиісті келісімшарттар жасалған. Сонымен қатар каналдарды механикалық тазалау және су тапшылығының алдын алу мақсатында қондырғыларды келтіру жұмыстары жүргізілген.

Брифинг барысында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы кезеңде ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, су шаруашылығы саласын жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасатыны айтылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 шілде 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 916

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031