» » Аса қауіпті аурулардың алдын алу шаралары жоспарға сәйкес орындалуда

Аса қауіпті аурулардың алдын алу шаралары жоспарға сәйкес орындалуда

Биыл аса қауіпті деп танылған 14 жұқпалы ауруға қарсы республикалық бюджеттен 6973,5 мың доза ветеринариялық препарат бөлінді. Сәйкесінше, бұл екпе көлемі былтырғы жылмын салыстырғанда 1 млн дозаға артып отыр. Ал өңірге бөлінген 4492,3 мың доза ветеринариялық екпе қоры аудандарға таратылып берілді. Сондай-ақ, осы жылға бекіткен 4 ай бойынша 1579,3 мың доза алдын ала егіліп, нақты көрсеткіш 100 пайызға орындалды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев хабарлады.
-Жергілікті жерлерде аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу шаралары мен диагностикалық тексеру жұмыстары тұрақты әрі сапалы жүргізіліп келеді. Осының нәтижесінде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы үстіміздегі жылдың наурыз айында таза аймақ мәртебесін қайта растады. Бұл аймағымыздағы ветеринария саласындағы үздіксіз еңбектің жемісі. Қазіргі таңда жануарлар мен адамзатқа ортақ жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында 2183,5 мың мал басына диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар осы жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 6 түрлі энзоотиялық ауруға қарсы 707,4 мың доза ветеринариялық препарат сатып алынды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру барысында мамыр айына дейін 1514,0 мың мал басы ақпараттық жүйеге енгізілді. Нәтижесінде, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жалпы мал саны 3,8 пайызға өсті, - деді басқарма басшысы Шахмардан Қойшыбаев.
Басқарма басшысы брифинг барысында ветеринар мамандардың айлық жалақысына байланысты да арнайы тоқталып өтті. Жалпы аймақта 8 ветеринариялық станция және 139 ветеринариялық пунктте барлығы 800-ге жуық маман бар. Олардың еңбекақысын көбейту мақсатында биыл республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, 635 ветеринар маманның айлық жалақыларына 50 пайыздық үстем ақы қосылды. Басқарма басшысы осының арқасында кадрлық тұрақтылық сақталғаның атап өтті.
@Өңірлік коммуникациялар қызметі
12 мамыр 2023 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930