» » Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы препараттар саны артты

Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы препараттар саны артты


Биыл облыстағы аса қауіпті деп танылатын 14 жұқпалы аурудың алдын алуға республикалық бюджет есебінен 6973,5 мың доза ветеринариялық препарат жеткізіліп, облыс көлеміндегі елді мекендерге таратылды. Өткен жылмен салыстырғанда әкелінген препараттар саны 1 млн-ға артып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

-Жергілікті жерлерде аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу және диагностикалалық тексеру жұмыстары тұрақты өткізіліп келеді. Нәтижесінде, облысымызға берілген вакцина қолданылатын аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы наурыз айында қайта растады. Энзоотиялық аурулардың алдын алу шаралары да тұрақты жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 6 түрлі энзоотиялық ауруға қажетті 707,4 мың доза ветеринариялық препараттар алынды. Қазіргі таңда 8 ветеринариялық станция, 139 пунктте барлығы 746 маман жұмыс жасайды. Білікті ветеринар мамандардың сапалы жұмысының арқасында төрт түлік арасындағы аса қауіпті жұқпалы аурулар азайып келеді, - деді басқарма басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

22 қараша 2023 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930