Бюджет қаржысы — бақылауда
qarmaqshy-tany.kz Өткен жұмада Жосалы кенті әкімшілігі аппаратының мәжіліс залында VIII шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезекті III-сессиясы өтті. Оның жұмысына аудан әкімі Ж.Еркінбек, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі А.Сәдуақасова, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, кірістер басқармасы мен дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округі әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібі бойынша 20 мәселе қаралды. Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша "2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы" аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулланың және қосымша облыстық тексеру комиссиясының мүшесі А.Сәдуақасованың хабарламалары тыңдалды.
Сондай-ақ, екінші және он бесінші мәселелер аралығында кенттер мен ауылдық округі әкімдері "2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы" мәселелері талқыланды. Оның ішінде, Жосалы кентінің әкімі Ш.Сыдықов, Төретам кентінің әкімі Ғ.Елеусінов, Ақай ауылдық округінің әкімі Э.Қазиева, ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Н.Сайымов, Ақжар ауылдық округінің әкімі Н.Тұрсынбаева, Жаңажол ауылдық округінің әкімі Ә.Қоқанов, Дауылкөл ауылдық округінің әкімі М.Алдамұратов, Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Қ.Әбдіғаппарұлы, Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімі Н.Ахметов, Қармақшы ауылдық округінің әкімі А.Есқараев, Алдашбай ахун ауылдық округінің әкімі Н.Тоғызбаев, Қуаңдария ауылдық округінің әкімі А.Аймырзаев, Иіркөл ауылдық округінің әкімі Ж.Төлегенов, Жосалы ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы В.Жалғасбай хабарлама жасады.
Сессияның күн тәртібіндегі он алтыншы, он жетінші, он сегізінші мәселелері бойынша: "Қармақшы аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы", "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" және "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың төрағасы Ә.Қошалақов хабарлады.
Ал, он тоғызыншы мәселесі бойынша "Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №257 "2023- 2025 жылдарға арналған Ақтөбе ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Қ.Әбдіғаппарұлының, жиырмасыншы мәселесі бойынша "Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №262 "2023-2025 жылдарға арналған Иіркөл ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Иіркөл ауылдық округінің әкімі Ж.Төлегенов баяндады.
Сессияда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
Қармақшы аудандық мәслихаты