Өзекті мәселелер талқыланды
qarmaqshy-tany.kz 28 сәуірде Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс II-сессиясы өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округі әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтсақ, бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулланың, екінші мәселе бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жосалы, Төретам кенттері мен ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы Жосалы, Төретам кенттері мен ауылдық округтердің әкімдерінің, үшінші, төртінші мәселе бойынша «Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы», «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы (персоналды басқару) бөлімінің басшысы Б.Сәденнің хабарламасы тыңдалды.
Күн тәртібіне қойылған бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы мәселелер бойынша «Аудан әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы», «Әкімдік жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы», «Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы», «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы», «Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық кеңес құрамын бекіту туралы», «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес құрамын бекіту туралы» аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғ.Нысанбаев, он бірінші мәселе бойынша «Аудандық жер комиссиясының құрамы және комиссия туралы ережені бекіту туралы» аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Омаров, он екінші мәселе бойынша «Қармақшы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Б.Өмірзақов баян етсе, он үшінші, он төртінші мәселеде «Қармақшы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы», Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №227 «Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №162 «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін жою туралы аудандық мәслихаттың төрағасы Ә.Қошалақов хабарлады.
Сессияда күн тәртібіне сәйкес, аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды. Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
Қармақшы аудандық мәслихаты