» » Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

qarmaqshy-tany.kz Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында VII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 28-сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсандағы No113 «2022- 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла баяндама жасады.
Келесі кезекте Жосалы, Төретам кенттері мен Ақай, Ақжар, Жаңажол, Т.Көмекбаев, Қармақшы, Қуаңдария ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселесі сөз етілді. Бұл туралы жоғарыда көрсетілген ауылдық округ әкімдері сөз алды.
Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 16 ақпанындағы No11 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне өзгерістер енгiзу жайында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Ақжігітовтің баяндамасы тыңдалды.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
"Қт" ақпарат
20 желтоқсан 2022 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 227
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031