» » Сессия отырысы өтті

Сессия отырысы өтті

qarmaqshy-tany.kz Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында VII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29-сессиясы өтті.

Оған аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов, аудан әкімі аппаратының басшысы С.Смағұлов, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және қоғамдық ұйым төрағалары қатысты. Күн тәртібіне сай 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла хабарлама жасады. Келесі кезекте 2023-2025 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджеті туралы кент пен ауылдық округ әкімдері сөз алды. Ал аудандық мәслихаттың 2023 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы аудандық мәслихатының хатшысы Ә.Қошалақов баяндады. Сессияда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды. Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
"Қт" ақпарат
25 желтоқсан 2022 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 248
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 792

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930