» » Елді мекендердің тазалық жұмыстары тұрақты бақылауда

Елді мекендердің тазалық жұмыстары тұрақты бақылауда



Қармақшы ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі тазалық және көркейту жұмыстарын аралады.

Жұмыс сапары барысында ауылдағы әр көшенің санитарлық жағдайы, қоғамдық орындардың тазалығы, әлеуметтік нысандар аумағы мен абаттандыру жұмыстарының барысы бақылауға алынды. Сонымен қатар көгалдандыру, шөп шабу, әктеу, сырлау және тұрғындар көп шоғырланатын орындардың жағдайы тексерілді.

Шыңғыс Әбділәмитұлы: «Тазалық – әрбір елді мекеннің айнасы. Сондықтан туған жердің көркеюіне тұрғындар мен жауапты мекемелер бірлесе атсалысуы керек»,- деп елді мекен әкімдеріне абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

17 мамыр 2026 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 869
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930