» » АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Алдашбай Ахун ауылдық округінің 2026 жылдың алғашқы алты айында атқарған жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз брифингі өтті.

Брифингте Алдашбай Ахун ауылдық округінің әкімі Ермек Жақанов ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы міндеттер жөнінде баяндады.

Жыл басынан бері ауыл бюджетінің жоспарланған шығыстары 100 пайызға орындалып, қаржы толық игеріліп келеді.

Тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 3,4 млн теңге бөлініп, канал бойындағы электр насос жүйесінің жұмысы жақсартылды. Ауыз сумен қамту мәселесі де тұрақты бақылауда.

Бүгінде ауылдағы 8 көше жарықтандырылып, 159 жарықтандыру бағанасы орнатылса, әлеуметтік нысандардың материалдық базасын жақсарту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, қажетті жұмыстар толық аяқталды. Ал №10 бөбекжай-бақшасында ағымдағы жөндеу жүргізіліп, балалардың қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайына қажетті талаптар қамтамасыз етілген.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл көшелеріне 4 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар ауылдағы өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық базасы нығайтылған.

Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 тамыз 2026 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30