» » ҚУАҢДАРИЯДА БАРЛЫҚ САЛАДА ӨСІМ БАР, ЖАҢА МІНДЕТТЕР АЙҚЫН

ҚУАҢДАРИЯДА БАРЛЫҚ САЛАДА ӨСІМ БАР, ЖАҢА МІНДЕТТЕР АЙҚЫН


Қуаңдария ауылдық округінде тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар өз кезеңімен жүзеге асырылуда.

Осы бағыттағы жұмыстардың барысы бүгін «Руханият» орталығында өткен баспасөз брифингінде кеңінен айтылды. Аудан әкімінің тапсырмасымен ұйымдастырылған брифинг барысында Қуаңдария ауылдық округінің әкімі Ардақ Аймырзаев 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Биыл ауылдың бюджет түсімдері жоспардан жоғары орындалған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы – елді мекендегі негізгі бағыттардың бірі. Тұрғындардың өз қажетіне бақша өнімдерін өсіруіне жағдай жасау мақсатында «Таңатар» каналы бойындағы «Елубай» өңірінен жер бөлініп, 26 отбасы бақша дақылдарын екті. Сонымен қатар мамыр айының соңынан бастап ауыл ішіне аяқ су тұрақты берілуде.

Инфрақұрылымды жақсарту бағытында да бірқатар жоба жүзеге асқан. Ауыл көшелеріне 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, Бәйтерек көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сондай-ақ жастар саябағы, жарықтандыру және өрт сөндіру бекетіне қажетті жер учаскелерінің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толық жауап берген Ардақ Басқынбайұлы тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 тамыз 2026 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30