» » РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗЕКТІ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТТІ

РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗЕКТІ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТТІ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Жосалы кентіндегі Руханият орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кезекті баспасөз брифингі өтті.

Брифингке аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев және аудандық электр тарату торабы мекемесінің басшысы Тұрсынбай Кенбаев қатысып, 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Бақытжан Нысанбаев аудан тұрғындарына көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, стационарлық және амбулаториялық қызметтің көрсеткіштері, профилактикалық скринингтердің орындалуы, ана мен бала денсаулығын қорғау, туберкулездің алдын алу, мүгедектігі бар азаматтарды оңалту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асырылған жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерге тоқталды.

Тұрсынбай Кенбаев электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы 26,9 миллион теңге бөлініп, 35 кВ, 10 кВ және 0,4 кВ әуе желілерін жаңарту, бетон бағаналарды ауыстыру, қосалқы станциялардың жабдықтарын жаңғырту, сондай-ақ электр желілерін күтіп-ұстау және ақауларды жою жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, спикерлер тарапынан толыққанды жауаптар мен қажетті түсіндірмелер берілді.

29 шілде 2026 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30