Құрылтай
» » РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗЕКТІ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТТІ

РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗЕКТІ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТТІ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жосалы кентіндегі Руханият орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кезекті баспасөз брифингі өтті.

Брифингке Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Қосбергенов пен аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров қатысып, 2026 жылдың алғашқы 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы өз баяндамасында салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, мемлекеттік бюджет кірістерін ұлғайту, қосымша резервтерді анықтау, мемлекеттік қызметтерді толық электронды форматта көрсету, салықтық берешекті азайту, бақылау-касса машиналарын қолдану, көлік салығын өндіру және жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері жөнінде кеңінен тоқталды. Алты айдың қорытындысында мемлекеттік бюджетке 2,5 млрд теңгеден астам түсім түсіп, жергілікті бюджеттің жоспары 108,3 пайызға орындалғаны атап өтілді.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы ауданның агроөнеркәсіптік кешеніндегі негізгі көрсеткіштерді таныстырды. Биыл аудан бойынша 25 мың гектардан астам егіс орналастырылып, күріш, дәндік жүгері, бидай, мақсары, мал азықтық және көкөніс-бақша дақылдары егілгені айтылды. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, арзандатылған дизель отынын бөлу, лазерлік тегістеу жұмыстары, су жеткізу, ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестициялар, «Кең дала-2», «Ауыл аманаты», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының орындалуы, жер қатынастары саласындағы жұмыстар, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылған шаралар туралы баяндалды.

Сондай-ақ брифинг барысында мал шаруашылығының даму көрсеткіштері, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі, шегірткеге қарсы жүргізілген күрес шаралары, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі және аудан экономикасын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар туралы мәліметтер ұсынылды.

Іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан толыққанды жауаптар мен қажетті түсіндірмелер берілді.

23 шілде 2026 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 513
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 997

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031