» » АЙМАҒЫМЫЗ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

АЙМАҒЫМЫЗ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА


Аймағымыздың мемлекеттік кірістер департаментімен биылғы жылдың I тоқсанында барлығы 169739 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Елеманов мәлімдеді. Сондай-ақ, брифинг барысында салық және кеден саласындағы негізгі көрсеткіштер, көлеңкелі экономиканың алдын алу бағытындағы шаралар және цифрландыру жұмыстары жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

- Ағымдағы тоқсанда мемлекеттік бюджет жоспары 143%-ға орындалып, өткен жылмен салыстырғанда түсім көлемі 175%-ға артты. Әсіресе, салықтық түсімдер бойынша Қызылорда облысы республика көлемінде алғашқы орынға шықты. Сонымен қатар, өңірде 169 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, шағын және орта бизнес өкілдерінің берешегін төмендету бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылды. Кірістер департаменті үшін басты басымдықтардың бірі – салық төлеушілермен кері байланыс орната отырып, әкімшілік шараларды барынша азайту. Бұл бағытта айыппұлдар саны 28%-ға, ескертулер 13%-ға төмендеген. Алдағы уақытта да салық тәртібін сақтау, есептілікті дер кезінде тапсыру және бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелеріне талдау жүргізу жалғасады. Бұл істе әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды. Сондықтан да ел болашағы үшін әрбір салық төлеушіні өз міндетіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, – деді, Асқар Сейдекәрімұлы.

10 сәуір 2025 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 808
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930