» » Облыстағы сыртқы тауар айналымы 162 пайызға жеткен

Облыстағы сыртқы тауар айналымы 162 пайызға жеткен


Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттері – бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етіп, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайту. Сонымен қатар, департамент салық салу мен оны өндіріп алу жүйесін ұдайы жетілдіріп, салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау арқылы сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері облыстағы мемлекеттік бюджет жоспары 104 пайызға орындалып, түсімнің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 140 пайызға артқан. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков айтты.

– Кеден саласы бойынша биылғы жылдың 9 айында облыстың сыртқы тауар айналымы 162 пайызға жетті. Оның ішінде экспортқа шығарылған тауар айналымы 161 пайызды құрап, импорт 165 пайыз болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсіп отыр. Импортталған негізгі тауарлар тізіміне мұнай саласының құрал-жабдықтары, автобөлшектер кірсе, ал экспорттық тауарлар қатарына мұнай, шикі мұнай мен уран, күріш және балық өнімі кіреді. Айта кетейік, 1 қазандағы мәліметке сәйкес, облыс бойынша 12 590 заңды тұлға, 60 257 жеке кәсіпкер тіркелген. Мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттерінің бірі – салық төлеушілерге сапалы мемлекеттік қызмет көрсету. Осы ретте өңіріміздің мемлекеттік кірістер органдарымен биылғы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша 568 694 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 99,9 пайызы электронды түрде болған. Одан бөлек, 1 қаңтар мен 15 қыркүйек аралығында жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі өтті. Өңіріміз бойынша 3 кезеңге міндеттелген тұлғалар саны 85 168 құрады. 75 456 тұлға 250.00 декларацияны тапсырса, оның 9 716-сы уақытылы тапсырмаған. Ал, 270.00 нысанды табыс етуге міндеттелген тұлғалар саны 148 291 болса, олардың 93,8 пайызы уақытылы табыс етпеген,- деді Еркін Кеңесбекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

16 қазан 2024 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930