Құрылтай
» » Облыс қазынасының 60,8 пайызы әлеуметтік салаларға бағытталады

Облыс қазынасының 60,8 пайызы әлеуметтік салаларға бағытталады


Биыл облыстық бюджет кірісінің көлемі - 40,9 млрд.теңгені құрап, 107,9 пайызға нақты орындалды. Тиісінше, түсімдер қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 139,9 пайызды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков хабарлады.
-Облыс бюджетінің 60,8 пайызы әлеуметтік салаларға бағытталады. Оның ішінде білім саласы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларына ерекше басымдық беріледі. Осы жылдың 1 қарашасына дейін өңір бойынша түсім 102,1 пайызға толық орындалып, соның ішіндегі өз кірісіміз 113,4 пайызға артық түскен. Жалпы алғанда қаражаттардың игерілуі бойынша Қызылорда облысы республика бойынша 4 орында тұр, - деді басқарма басшысы Қамбарбек Амангелдіұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 желтоқсан 2023 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31