» » Биыл ауыл шаруашылығы саласына 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды

Биыл ауыл шаруашылығы саласына 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды


Бүгінде аграрлық саланы қарқынды дамыту үшін мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп келеді. Тиісінше биыл осы саланы дамытуға 18,5 млрд.теңге қаржы қарастырылса, оның 14.0 млрд.теңгесі субсидиялауға бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникциялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.
-Жыл басынан бері мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артты. Сондай-ақ, саланың негізгі қорына 9,4 млрд.теңге инвестиция салынып, өсім көрсеткіші 36,6 пайызға ұлғайды. Ал тамақ өнімдерін өндірудің негізгі капиталы 3,1 есеге артты, - деді басқарма басшысы Талғат Тұрсынұлы.
Биыл аталмыш салада экспорт әлеуеті де артқан. Стастикалық мәліметтерге сүйенсек, осы жылдың 1 қазанына дейін 40,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі әлемнің 21 мемлекетіне экспортталған. Барлық экспортталған өнімнің 84,8 пайызы негізгі дақыл - күріш өніміне тиесілі. Жалпы есепті кезеңде 34 703,9 тонна Сыр салысы шет мемлекеттерге экспортталды.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

27 қараша 2023 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031