» » Егіні жайқалған Сыр елі

Егіні жайқалған Сыр елі


Осы жылы ауыл шаруашылығын қолдауға 18,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде субсидиялауға 14 миллиард теңге игерілді. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде биыл 10 айлық көрсеткіш ішінде ауыл шаруашылығы саласында 202,9 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 2,6%-ға артты. Ал, тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 87,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салтырғанда 100 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығындағы егін саласы бойынша атқарылған жұмыстармен танысу мақсатында БАҚ баспасөз туры өткізілді.

- Биыл облыс бойынша 193,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89 мың гектар құрады. Жалпы, дақылдардың егіс көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 4,8 мың гектарға ұлғайды. Облыста егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Мәселен, дән жүгері 1,2 мың гектарға, сүрлем жүгері 1,4 мың гектарға, күнбағыс 179 гектарға, соя 64 гектарға, қант құмайы 195 гектарға, қант қызылшасы 5 гектарға егілді.
Сонымен қатар, егіншілердің басты мәселесі су тапшылығы. Осы су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы барлығы 872,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Тамшылатып суару 577,5 га, жаңбырлатып суару әдістерін қолдану арқылы 295 га орналастырылды, - деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары Талғат Дүйсебаев.

Әрі қарай Сыр өңірінде күріш кәсібін дөңгелетіп, бүкіл елді қамтуға үлес қосып отырған Абай-Дәулет ЖШС-нің жұмысымен баспасөз өкілдері танысты.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

23 қараша 2023 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930